АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Астанада сириялық қақтығыстарды реттеу жөніндегі келіссөздер барысында Сириядағы шиеленісті бәсеңдетудің төрт аймағын құру туралы құжатқа қол қойылуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости дереккөзге сілтеме жасай отырып.
Бұл құжатқа кепілгер мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иран қол қойылған жағдайда – "серпіліс" күтіледі.
Сирия оппозициясындағы РИА Новостидің дереккөзі Сириядағы шиеленісті реттеу жөніндегі ресейлік ұсыныстар туралы хабарлаған. Одан алынған құжаттарда Ресей Сириядағы шиеленісті бәсеңдетудің төрт аймағын: Идлиб провинциясы, Хомс қаласынан солтүстікке қарай, Шығыс Гуттада және елдің оңтүстігінде құруды ұсынғаны айтылған.
Астанада сәрсенбі, 3 мамырда сириялық реттеу бойынша келіссөздер басталды.