Өңірлер

Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновМеруерт Сәкімова
Меруерт Сәкімова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің бастапқы болжамы бойынша, мамыр айында күн біресе қапырық ыстық, біресе қатты суық болады
Синоптики рассказали, какой будет погода в мае в РК

"Екінші онкүндіктің екінші жартысында күн қатты суытып, түнде қатқақ болады, арктикалық теңіздерден суық ауа массаларының келуімен солтүстікте, шығыста және орталықта қар жаууы мүмкін", — дейді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Меруерт Сәкімова.

Ауа температурасы еліміздің солтүстік өңірінде түнде минус 2 — плюс 3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +10+15 градус. Оңтүстік жақта түнде ауа температурасы +3+10 градус, күндіз +15+20 гардус жылы.

Осы айдағы орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық мәнге жақын болады деп күтіледі. Ал еліміздің қалған аумағынла нормадан 1°С-қа жоғары.

Жаңалықтар
0