Оқиға

БҚО-да екі жасар бүлдіршін антибиотиктің қате мөлшерінен көз жұмды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивное фото ребенка
Архивное фото ребенка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кішкентай бала үшін әдеттегі салқын тию өлімге ұласты

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Бұрыс емдемеу бүлдіршін үшін өліммен аяқталды, антибиотикке уланды, деп жазады "Уральская неделя". 

Сайхиндік екі жарым жасар Амангелді Мадияр Медетұлы салқын тиіп сырқаттанып қалаған, бірақ Бөкейорда аудандық аурухананың дұрыс емдем жасамағандығынан қаза болды. Фармбақылау комитетінің шешіміне сәйкес, бүлдіршіннің өліміне балаға антибиотик мөлшерін дұрыс белгілемеген дәрігерлер кінәлі екен.

Бөкейорда прокуратурасы Алдиярдың туыстарына құжат жолдаған, оған сәйкес, облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметтің бақылау жөніндегі комитеті тексеру қорытындылары бойынша Бөкейорда ауандық аурухана дәрігерлерінің салғырттығы кішкентай науқастың өліміне әкеп соқтырғанын анықтаған. 

Басылымның хабарлауынша, бүгінгі таңда Бөкейорда аудандық прокуратурасы ауданық аурухана мамандарына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс жасаған, ол Бөкейорда АІІБ жіберілді.


Жаңалықтар
0