Оқиға

Бұрынғы білім вице-министрі жеті жылға сотталды

© SputnikСаят Шаяхметов в зале суда, архивное фото
Саят Шаяхметов в зале суда, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саят Шаяхметов аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салуда айыпты деп танылды

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Сот бюджеттік қаражатты ұрлауда кінәлі деп танылған ҚР білім және ғылым экс-вице-министрі Саят Шаяхметов жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Іс Астананың  №2 Алматы аудандық сотында қаралды. 

Шаяхметовке ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 4-бөлігі, б тармағы бойынша "Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иелену және талан-таражға салу бойынша айып тағылған". Сонымен қатар Шаяхметовпен бірге "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры Алекандр Пак ұсталған.

"Сот Шаяхметов Саят Болатұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 4-бөлігі, б тармағына сәйкес, қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын", — деді судья Айжан Құлбаева. 

Алекандр Пак ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 4-бөлігі, б тармағы "Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иелену және талан-таражға салу бойынша айып тағылған", ҚР ҚК-нің 177-бабы 4-бөлімі "б"тармағы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған мүлкі тәркілеумен жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаларын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 


Жаңалықтар
0