АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Астананың кейбір көшелерінде 2 мамырдан бастап әскери парад пен Жеңіс күнін тойлауға байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Мерекеге әзірлік 2-5 мамыр аралығында "Қазақ елі" алаңында өтеді:
— 2 мамыр 12:00-14:30 аралығында
— 3-4 мамыр 10:00-12:00 аралығында
— 5 мамыр 12:00-14:30 аралығында
— 7 мамыр 06:00 — 15:00 аралығында
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі көшелерде қозғалыс шектеледі:
— Байырқұм көшесіндегі 40-станциядан Қошқарбаев көшесіндегі көпірге дейін;
— Қошқарбаев көшесінен — Б. Момышұлы көшесіндегі көпірге дейін;
— Тәуелсіздік даңғылы — Б. Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін;
— Ш. Қалдаяқов көшесі — М3 көпірінен Тәуелсіздік көшесіне дейін;
— Нәжімеденов көшесі — Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
— Байтұрсынов көшесі — Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
— Қошқарбаев көшесі — Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
— Б. Момышұлы даңғылы — Сәтпаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.