Қоғам

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 600-ден астам бала зардап шеккен

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБалақай
Балақай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 мамыр мен 1 маусым аралығында Ішкі істер министрлігі "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты республикалық ірі масштабты акция өткізеді

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. 2017 жылы үш ай ішінде Қазақстан жолдарында 23 бала қаза тапқан, сонымен бірге 618 жасөспірім жол апаты салдарынан зардап шегіпті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті.

Алматыда жолаушылар мінген көлік ағашқа соғылған - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы ажалды жол апаты: бес жолаушысы бар көлік ағашқа соғылған

Жол апаты деректеріне жүргізілген сараптама нәтижесі көрсеткендей, соңғы үш жылда кәмелеттік жасқа толмағандар қатысқан көлік апаты саны біртіндеп төмендеп келеді.

"Былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кәмелеттік жасқа толмағандар қатысқан жол апаты саны 16%-ға қысқарды, яғни 670-тен 565-ке дейін төмендеді", — деп мәлімдеді ҚР ІІМ ӘПК.

Жазғы мектеп демалысы қарсаңында, балалардың жол апаты салдарынан зардап шегуінің алдын алу мақсатында 1 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты республикалық ірі масштабты акция жүргізіледі.

Акция аясында полиция қызметкерлері мектептер мен балабақшаларда тематикалық сабақтар өткізіп, балаларды жолдауғы қауіпсіз іс-әрекет дағдыларына баулиды.

Жаңалықтар
0