АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің концертіне алты күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедилы.
"ЭКСПО аясында өтетін кең ауқымды концерттердің бірі — Димаш Құдайбергеннің концерті. Ол Астана-Аренада өтеді. "Астана-Арена" стадионына 22 мың адам сыяды. Қазіргі уақытта алты күн ішінде 7 мың билет сатылып кетті", — деді Мұхамедиұлы.
Министр қазір Димаш Құдайбергеннің екінші концертін өткізу қарастырылып жатқанын жеткізді.
Айта кетсек, Димаш Құдайбергеннің шоу концерті 27 маусым күні сағат 19.00-де "Астана-Арена" стадионында өтеді. Оған Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз, сондай-ақ басқа да бірқатар белгілі әншінің қатысуы жоспарланып отыр.