АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, калған аймақтарында жауын-шашынсыз, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертен Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.