Қоғам

Бірінші мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

© Photo : пресс-служба акимата ЮКО/Максат Шагырбаев1 мамыр
1 мамыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүз елуден астам ұлт өкілдері 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Дүйсенбі күні елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады. Мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген. Бұған дейін 1 мамырда Еңбек күні атап өтілетін.

Қазақстан. Біз біргеміз: шешендер мен ингуштерді депортациялау тарихы - Sputnik Қазақстан
Видео
"Қазақстан. Біз біргеміз": шешендер мен ингуштерді депортациялау тарихы

Бұл мереке мемлекеттік болғандықтан демалыс күні болып табылады. Қазақстанның билік өкілдері, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев талай рет айтып өткендей, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты мемлекеттің негізгі басымдылықтарының бірі.

Қазақстанда 150-ден астам ұлт тұрады: қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштар, белорустер, корейлер, қырғыздар және т. б. Көпшілігі елімізге тарихи оқиғалардың салдарынан қоныстанған: көші-қон, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау мен эвакуациялау. Дегенмен Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері де әртүрлі этностар осында тұрып, жұмыс істеу үшін келіп қоныстанып жатыр.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Sputnik Қазақстан агенттігі "Біз біргеміз" жобасын іске қосты, бұл бейнеэстафета республиканың ең ірі диасопралары өкілдерін біріктіреді.

Жаңалықтар
0