Оқиға

Алматыда сауда үйінің алдында автокөлік ер адамды қағып өлтірді

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Volkswagen Golf жүргізушісі ер адамды қағып, көлік тұрағында тұрған автокөлікке соғылды

АСТАНА, 30 сәуір — Sputnik. Жол апаты "Адем" сауда үйінің алдындағы көлік тұрағында болды, деп хабарлады куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.

ДТП в Алматы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда екі бала жол апатынан зардап шекті

Volkswagen Golf жүргізушісі 50-60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Қатты соққыдан ер адам автокөліктен асып құлап, артта келе жатқан Toyota Land Cruieser Prado көлігінің астына түсіпті. Toyota көлігін мінген жас жігіт абдырап қалып, Volkswagen Golf көлігін артынан бір-ақ қағады, ал ол өз кезегінде көлік тұрағында тұрған Toyota Camry-ға соғылған.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Алматы полициясы жол апатының мән-жайын анықтамақ.

Жаңалықтар
0