АСТАНА, 30 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауады, солтүстікте жауын-шашын болуы ықтимал, ал батыс пен оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Кей жерлерде тұман түсіп, күн күркіреуі мүмкін, бұршақ жауып, жел тұруы да ықтимал, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет сайты.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде тұман.