АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Қазақстан Президенті Ош облысында лай көшкіні салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты", — делінген баспасөз хабарламасында.
Қырғыз Респуликасының Үзген ауданы Аюу ауылында 11 үйді лай көшкіні басқан. Көшкін салдарынан 24 адам құрбан болды, олардың тоғызы балалар.