АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және оған бағынышты комитеттер мен “ҰАҒО” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облысы Атбасар ауданындағы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жалпы алғанда 8 665 042 теңге көлемінде қаражат жиналды.
Бүгін министрлік өкілдері Атбасарға барып, баспанасын су басып, жалдамалы үйлер мен уақытша купелік вагондарда тұрып жатқан тұрғындармен кездесті.
Үкімет және жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайға тойтарыс берудің барлық амалдарын жасап жатыр. Дегенмен, азаматтық қоғам да енжар қалмай, зардап шеккен жандарға барынша қолдау білдіруде.
Жиналған қаражат "Таза қала Атбасар" қоғамдық бірлестігінің шотына аударылды.