Қоғам

ДСМ балабақша тәрбиешісінен туберкулездің анықталу жағдайын бақылауға алды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуөкпе рентгені
өкпе рентгені - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақшада және қызметкерлер мен балалардың мекен жайы бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі балалар мекемесінде әйелден туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ. Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі сағат 14:00-гі жағдай бойынша Манту сынамасы 103 балаға жасалды. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.


Жаңалықтар
0