Экономика

Ұлттық банк: Қазақстанның сыртқы қарызы $163,8 млрд дейін артты

© Sputnik / Роман Галкин / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банкте Қазақстан сыртқы қарызының күрт өсуіне кімнің кінәлі екенін айтты

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. 2016 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы жыл басынан бері 10,4 млрд. АҚШ долларына өсіп, 163,8 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады республика Ұлттық банкінің баспасөз қызметі. 

Бұл ретте 2016 жылдың 4 тоқсанында сыртқы қарыз 1,4 млрд. АҚШ долларына қысқарды. 

Доллар - рекадр - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Халықаралық даму банкінен тағы қарыз алмақ

Сыртқы борыштың құрылымында 7,9% немесе 12,9 млрд. АҚШ доллары мемлекеттік сектордың сыртқы қарызына, 4,4% немесе 7,2 млрд. АҚШ доллары – "Банктер" секторының сыртқы қарызына, 32,0% немесе 52,5 млрд. АҚШ доллары – тікелей инвестициялармен байланысты емес, "Басқа секторлардың"берешегіне, қалған 55,7% немесе 91,3 млрд. АҚШ доллары – фирмааралық берешекке тиесілі. 2016 жылы мемлекеттік сыртқы қарыз негізінен, Дүниежүзілік Банк тобынан экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, автомобиль жолдарының құрылысын және өзге институционалдық жобаларды қолдауға бағытталған қарыздарды тартуға байланысты өсті. "Банктердің" сыртқы борышы, негізінен резиденттердің осы сектордың еурооблигацияларын өтеуі және сатып алуы есебінен 0,8 млрд. АҚШ долл. қысқарды.

"Басқа секторлардың" сыртқы міндеттемелері, фирмааралық берешекті қоса, негізінен экономиканың өндіруші салаларындағы жобаларды іске асыру шеңберінде қаражатты белсенді түрде тарту есебінен 10,5 млрд. АҚШ долл. ұлғайды. ЖІӨ қатысты сыртқы борыш 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 83,2% салыстырғанда 122,5% болды.

Сыртқы борыштың ЖІӨ арақатынасының өсуі сыртқы борыш өсуінен және доллармен есептегенде ЖІӨ құнының төмендеуінен туындайды. Кеңейтілген ұғымдағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (мемлекет бақылайтын мемлекеттік сектор және ұйымдарды қоса) 2015 жылдың соңындағы 17,7%-ға қарсы 26,8% болды.


Жаңалықтар
0