АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Бұл оқиға Қазақстанда емес, Қытайдың Ақсай қазақ автономиялы ауданында болған екен. Кейін сол жақтағы қазақтың жігіттері қытайды тауып алып, қазақ халқынан басын идіріп, кешірім сұратқан.
"Кей істерді нақты біліп алмай, топ ортаға таратып, орынсыз шулатудың қажеті шамалы. Үш бидің ескерткішінің үстіне шығып суретке түскен қытай туралы айтып отырмын. Ол Қазақстанда болған оқиға емес. Қытайдың Ақсай қазақ автономиялы ауданында болған. Кейін сол жақтағы қазақтың намысты жігіттері ол қытайды іздеп тауып, қазақ халқынан басын идіріп, кешірім сұратты. Миллиард қытайдың арасында отырса да намысын таптатпаған осындай мықты қазақтар бар", — деп жазады Жарқынбек Жұмаділ есімді желі қолданушысы өз парақшасында.