Оқиға

БҚО спорт басқармасының бұрынғы басшысына үкім шықты

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСудебный молоток
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы шенеунікті өкілеттігін асыра пайдаланды деп таныды

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Шаяхметовті сот шешімімен мүлкін тәркілеумен, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен бес жарым жылға бас бостандығынан айыруға соттады, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" басылымы. 

Басылымға судья Варвара Дмитриенко хабарлағандай, Шаяхметовтің кінәсі толық дәлелденіп, ол сонымен қатар, 1,4 миллион теңге көлеміндегі азаматтық шағымды өтеген. 

"Сот ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлімі 3-тармағымен (Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, мемлекеттік мекемелерде өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеумен, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен бес жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деп оқыды судья үкімді. 

Сотталушы Шаяхметов прокурормен процессуалды келісім жасауға дайын болған, алайда тараптар жаза мөлшері туралы пікірде бір жерден шықпады. 


Жаңалықтар
0