АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Өскеменде әйел өзін туған күнімен құттықтамаған көңілдесіне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды YK-news.kz.
32 жасар әйел үйіне таңға қарай оралған. Бір күн бұрын ол көңілдесімен сөзге келіп қалып, туған күнін апасымен атап өтуге кеткен.
Үйіне оралған әйел ұйықтап жатқан күйеуін оятып, өзін туған күнімен құттықтамағаны жөнінде назын айтады. Туындаған жанжал барысында ашуына ие бола алмаған ер адам әйелінің бетінен бірнеше рет шапалақпен тартып жібереді. Ашу үстінде әйел ас пышағын алып, күйеуінің ішіне сұғып алады. Есін жиған әйел көршісіне жүгіріп барып "жедел жәрдем" шақырады. Дәрігерлер жеткенше, әйел оған алғашқы көмек көрсетеді.
Жәбірленушіге ота жасайды. Сотта ол әйелімен татуласқанын айтып, қатаң жазаламауды сұраған.
Өскеменнің №2 соты әйелді үш жылға бостандығын шектеуге соттады.