АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек батыс аймақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайты.
Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 18-23 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз Жамбыл облысында желдің екпіні 25 м/с болып, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды, Қызылорда, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде топырақ беткейінде үсік күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.