АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Сот "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Рашид Аманжоловы қамауға алу туралы санкция берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана сотының баспасөз қызметінде.
"Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты 22 сәуірде Аманжолов Рашид Мәжитұлына қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын қабылдады", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.
Баспасөз қызметінде Аманжоловқа қатысты істің қандай бап бойынша тергеудің жүріп жатқанын айтудан бас тартты.
Ашық деректерге сәйкес, Рашид Аманжулов бұрын Астана қалалық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметін атқарған. Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (2002) инженермеханик мамандығы бойынша; Орталық Азия университетін (2005) "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2003 жылдан — Алматы қалалық әкімдігі Шағын бизнес департаментінің жетекші маманы. 2005 жылдан — Алматы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы. 2006 жылдан — Алматы қаласы әкімінің аппаратында бас маман, ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс басқармасының бастығы. 2008 жылдан — Астана қаласы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары.
"Астананың 10 жылдығы" медалімен (2008), мемлекеттік қызметті қалыптастыру мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталған (2008).