Саясат

Елбасы Оңтүстік Қазақстанда екі кәсіпорында болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біреуі терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасайды, екіншісі алмаларды жаңа технологиялармен өсіріп, сақтайды

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына сапары барысында "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Елбасы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жұмыс сапары аясында терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасауға маманданған "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты.

Елбасы ақпараттық стендтер мен экспозициялық макеттерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспары жөнінде мәлімет алды.

"Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу – еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тілеп, кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

Қазақстан Президенті жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады.


Жаңалықтар
0