АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Жылдың аяғында Қашаған тәулігіне 370 мыңға дейін мұнай баррелін беретін болады, деп мәлім етті Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында "ҚазМұнайгаз" АҚ қаржы директоры Дәурен Қарабаев хабарлады.
"Аталған жоба өнімді өндіру үдерісінде және өндіру серпінінде болғандықтан тәулігіне берілетін мұнай баррелінің көлемін толықтай айта айтуға болады. Жылдың аяғында көрсеткіш тәулігіне 370 мыңға дейін көтеріледі деп күтілуде",- деп кетіреді Орталық коммуникациялар қызметінің сайты Дәурен Қарабаевтың сөзін.
Дәурен Қарабаевтың мәліметінше, "Самұрық-Қазына" Қоры мен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ –ның болжамды бағасы бойынша аталған жобаның негізінде 2017 жылы Қашағанға құйылған инвестициядан кейін бірлесе 180 млн АҚШ доллары шамасында таза қомақты қаржыны алатын болады.