Оқиға

БҚО-да кішкентай ұл мен қыз тұндырғышқа батып кетті

CC0 / / бүлдіршін
бүлдіршін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Оқиға 25 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Үшана ауылында орын алды, деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы. 

2013-2015 жылдары туған балалар қараусыз ойнап жүріп, көршілерінің қазылған шұңқырына түсіп кеткен.

"Бала мен қыз далада өздері ойнап жүрген, біраз уақыт өткен соң көрінбей қалады. Ауыл тұрғындары іздеп жүріп олардың денелерін көрші ауланың тұндырғышынан сол күні сағат кешкі сегіздерде тапқан. Қазір прокуратура мен АІІБ сараптамалар жүргізуде. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұншығып қалған балалардың ата-анасын жауапқа тартуға келер болсақ, ол сараптама қорытындылары бойынша белгілі болады", — деп атап өтті Асхат Шахаров.

Балалар механикалық  асфиксия нәтижесінде көз жұмды. Олар қоқысқа тұншығып қалған. Әкімдіктің хабарлауынша олар бір үйдің балалары емес. 


Жаңалықтар
0