АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Ақмола облысының Астрахан ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар департаментінде.
Астрахан ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Агенттікке Астрахан аудандық әкімдігінде хабарлағандай, бірден қардың еріп, еріген судың келімен Старый Колутон, Новый Колутон, Ягодное, Жаңа Тұрмыс, Жалтыркөл, Косқөл ауылдарында үйлерді су басты. 267 адам қауіпсіз жерге көшірілген, қазір бәрі үйлеріне оралды. "107 үйді су басты деген шағым түсті, қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Шығынды анықтау үшін үйге техникалық тексеру жүргізіледі", — деп хабарлады жергілікті билік.
Бұдан бұрын төтенше жағдай Атбасар және Сандықтау аудандарында жарияланған болатын.