АСТАНА, 27 сәуір— Sputnik. Ақмола облысында бес тәуліктен бері балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған Астана тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
1984 жылы туған ер адам 22 сәуірде балық аулауға шығып, содан үйіне оралмаған. Оны Қорғалжын ауданында Алғабас ауылынан 55 шақырым жерде Нұра өзенінен іздеп жатыр.
"Құтқару жасағы, поиция тартылды. Өзенде іздеу жұмыстары екі қайықпен жүргізілді, жағада құтқарушылар екі қызметтік иттің көмегіне жүгінді, бірақ әзірге нәтиже жоқ", — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.