Өңірлер

Өскеменде ТЖД қызметкері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото реки Иртыш
Архивное фото реки Иртыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпірден секіріп, өлмекші болған қызды сол маңнан табылған өрт бөлімшесінің қызметкері құтқарып қалады

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Өскемен қаласының №2 өрт бөлімшесінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев көпірден Ертіске секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға ТЖД қызметкерінің көлігіне орнатылған бейнетіркегіштің камерасына түсіп қалған.

Виталий Бақтыбаев сол күні жанармай құю бекетінен келе жатқан. Көпірден өтіп бергенде өзенге секіруге дайындалып тұрған қызды байқайды. 

Оның айтуынша, ойланатын уақыт болмай, ол бірден көлігін тоқтатып, қыздың жанына жетіп барады. 

"Қызды ұстап алып, көпірден түсірдім. Содан кейін оны кішкене жұбатып, полицейлерге бердім. Қыздың ес-түсі жоқ, оған бәрібір еді", — деп әңгімеледі Бақтыбаев. 

Құтқарушының сөзінше, қызды көлігіне отырғызғаннан кейін ол не себепті мұндай қадамға барғанын айтқан. Әйелді күйеуі мен отбасы тастап кеткен. Бақтыбаев оны полицей учаскесіне жеткізіп салған. 

ТЖД баспасөз қызметі Виталий Бақтыбаевтың өте қарапайым адам екенін, сондықтан бұл оқиғанын мән-жайымен бөліскісі  келмегенін атап өтті. Ол өрт сөндіру бөлімінде аға жүргізуші болып 17 жыл еңбек етеді. 


Жаңалықтар
0