Қоғам

Білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 556 млн теңге мемлекеттік сыйақы алды

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім депозиттерінің жалпы сомасы 11,5 миллион теңгеден асады

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары болып табылатын Қазақстан азаматтары 2016 жылға мемлекет сыйлықақысын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Білім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде білім депозиттері тартымды бола түседі

2017 жылы білім депозиттерін ашқан 13 мың салымшы 556 миллион теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен мемлекет сыйлықақысымен  көтермеленіп отыр. 

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын бір уақытта төленеді. Бұған дейін ол екі мәрте төленді: 

—  2015 жылы – 4 748 мың теңге;

—  2016 жылы – 325 657 мың теңге.

Осы уақыттағы мемлекет сыйлықақысының жалы сомасы – 897 миллион теңге. 

Қазіргі уақытта білім беру жинақтау жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 17 мың адамнан асады. Ашылған білім депозиттерінің жалпы сомасы — шамамен 11,5 миллион теңге. 

Айта кетсек, сыйлықақының мөлшері 5% және 7% құрайды. 7% мөлшеріндегі көтеріңкі сыйлықақы әлеуметтік әлсіз санатындағы азаматтарға – жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы балаларға бөлінеді.  


Жаңалықтар
0