Өңірлер

Бейсенбіде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

© Sputnikжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер кейбір облыстарда жаңбыр жауып, жел күшейеді, найзағай ойнайды деп болжайды

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауып, тек батыс және шығыс бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

 Республиканың кей жерлерінде тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, кұндіз кей жерлерінде – найзағай.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с, найзағай, бұршақ.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болады.

Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола облысының кей жерлерінде – найзағай болады. Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.


Жаңалықтар
0