Оқиға

БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутергеу изоляторы
тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерденаев пен тағы төртеуіне бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленіп, ысырап етті деген айып тағылып отыр

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Бірыңғай жинақталған зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басқармасының бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевты қамауға алу мерзімі мамырдың соңына дейін ұзартылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық сотында. 

Алматы қалалық сотының қаулысымен күдікті тұлғалар – "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев, қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахытов, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев,  Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағаринге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бес айға дейін, яғни 2017 жылғы 28 мамырға дейін ұзартылды", — деп хабарлады сотта. 

Тергеу деректеріне сәйкес, "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев "Бузгул Аурум" компаниясының 500 мың облигациясын жедел сатып алу үшін бағынуындағы қызметкерлеріне "қысым жасаған". Қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахытов бастапқыда күмәнді мәміледен бас тартуды ұсынған, алайда уақыт өте ол мұндай инвестициялады қауіпті деп санауды қойған. Нәтижесінде БЖЗҚ  Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағариннің жасанды құжаттар ұсынғанына қарамастан 5 миллиард теңгеге бағалы қағаздар сатып алған. ҰҚК болжамы бойынша қаражат "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың қалтасына түскен. 


Жаңалықтар
0