Өңірлер

Астанада бейсенбі күні құлақтандыру дабылы жарияланады

© Sputnik / Виктор ТолочкоМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналықтар алдағы оқу-жаттығулар дабылы туралы ескертіледі

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бейсенбі күні таңертең қаланың құлақтандыру жүйелеріне тексеру жүргізетіні туралы ескертеді. 

Ведомствоның мәліметінше, 27 сәуір күні 09 сағат 00 минутта электродабылдар қосылып, 2 минут бойы теле-радио арналарды ұстап қалынады. 

"Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан, Евразия бірінші арна, Астана, КТК, НТК- теледидарларын; Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек", — делінген хабарламада.

Қала тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.


Жаңалықтар
0