АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Қарағандыда екі жасар қыздың денесін пешке өртеген ерлі-зайыптыларға үкім шықты. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) айып тағылған Қарағанды тұрғыны Владимир Зеленыйды жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеумен 23 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Өлтірілген бүлдіршіннің анасы Ильяна Дроганды ҚК-нің 334-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен алы жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
"Зеленый кішкентай Дроганның кеудесіне екі аяғымен секіріп өлтіргені анықталды. Аталған қылмысты Зеленый жәбірленушінің анасының көзінше жасаған. Ол қызын құтқару үшін ешқандай әрекет жасамай, Зелныймен бірге "Петушок" саяжай қауымына қонуға кеткен", — деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Исламхан Есенбаев.
Өлген Эвелинаны ересектер жолда қалдырып кетеді. Кейіннен олар қыздың денесі қалған жерге оралап, оны сол саяжайға әкеліп өртеп жіберген. Арада бір жылға жуық өткен соң анасын полицияға келіп, қылмысын мойындаған.
Ильяна Дроганның тағы екі баласы қалды. Қызымен ұлы қазір балалар үйінде тұрады. Бұрын соңды ер адам мен әйелдің кісі өлтіру қылмысы бойынша сотты болып, бірақ жақсы тәртіптері үшін босатылғанын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек сот облыс прокуратурасы мен тергеу органдарына жеке қаулы шығарды.
Исламхан Есенбаевтың пікірінше, бұл істе толық және жан-жақты талдау жасалмаған. Ал дәлелдерді бағалау атүсті жасалған көрінеді.
"Сотқа дейінгі тергеу органдары бұл қылмыстық істі тергеуде өлтірілген қыздың анасы — сотталушы Дроганға "Бүлдіршінді өлтіруге көмектесу" қылысы үшін жазадан босауға мүмкіндік беретін нақты толық және жан жақты тергеу үшін ешқандай шара қолданбаған", — деп атап өтті процесс судьясы.
Сотталғандар үкімге шағым түсіруді көздеп отыр.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың ақпан айында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар екі баласымен бірге саяжайға бара жатады. Қарағанды мен Үштөбе ауылының арасындағы жолда тоңып қалған қыз қатты жалаған. Мас болған ер адам жылаған шуды көтере алмаған. Бүлдіршінді қарға жатқызып, оны өлтіреді.