Оқиға

Қасымбек: Алматы әуежайына қайта қонған ұшақтың қозғалтқышында ақау жоқ

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"ұшақ
ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшақ техникалық себептер бойынша қайта оралуға мәжбүр болған

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Сейсенбі күні Алматы әуежайына қайта оралған ұшақтың қозғалтқышында ақау жоқ, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

"Алматы-Ақтау" бағытындағы бұл жаңа Airbus 320neo ұшағы. Май қысымының төмендегені туралы белгі түсіп, осы себепті ұшқыш шұғыл шешім қабылдап, ұшақты қондырады. Кеше ұшақты тексеру жұмыстары көрсеткендей, қозғалтқышта ақау жоқ, датчик іске қосылған", — деп хабарлады Қасымбек тілшілерге. 

"Эйр Астана" компаниясында қауіпсіздік бойынша талаптар қатаң. Кез келген датчик іске қосылса, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшақты бірден қондырады", — деп қосты министр. 

Айта кетсек, бұған дейін "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы-Ақтау бағытында ұшқан Airbus А320neo ұшағы қозғалтқыштағы майдың деңгейін индикациялау жүйесінде ақау шығып, әуежайға қайта оралады. Соңғы бір жарым айда "Эйр Астана" ұшақтарымен осындай бірнеше жағдай болды.

 

Жаңалықтар
0