Экономика

Ресей арқылы өтетін Қазақстан пойыздарының жолдағы уақыты 13 сағатқа қысқарады

© Sputnik / Александр Уткин / Медиабанкке өтуАрхивное фото пассажира поезда
Архивное фото пассажира поезда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте бүгін Ресей арқылы өтетін пойыздардың жолдағы уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін заң жобасы мақұлданды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстан мен Ресей арасында жасалған келісімге сәйкес елдеріміздің аумағынан өтетін екі тараптың да пойыздарының жолдағы уақыты қысқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақстан мен Ресей арасында 1996 жылы жасалған келісімге өзгерістер енгізіліп отыр. Тиісті хаттамаға өткен жылы Астанада қол қойылған. Бұл құжатты ратификациялау үшін заң жобасы парламентке түсті. 

пойыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың жаңа вокзалынан 54 пойыз қатынайтын болады

"Хаттамада тараптардың басқаруына берілген теміржол учакелері бойынша мемлекеттік шекара арқылы жолаушылар және жүк пойыздарының тоқтаусыз өту тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар, тоқтатусыз өтетін пойыздар шекара қызметі жағынан болатын тексерулерге жатпайды. Аталған нормалар жолаушыларды жеткізу мерзімін бір бағытта 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді", — деп баяндады мәжілістің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

Оның айтуынша, осы келісім аясында бір жарым ай ішінде "Астана-Орал" және Алматы-Орал" екі пойызы іске қосылады. 

"Бұл "Тұлпар Тальго" жүрдек пойыздары. Қазіргі уақытта бұл бағыттарда жүретін пойыздар жүрдек емес. Әрі олар Илецк станциясы арқылы өтеді, ал жолдағы уақыт 36 сағатты құрайды. Жаңа пойыздар іске қосылғаннан кейін жолдағы уақыт 13-14 сағатқа дейін қысқарады. Келісімнің негізгі мақсаты осы, яғни Қазақстаннан Ресей арқылы Қазақстанға қатынайтын біздің пойыздардың кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Ресей пойыздары үшін де осындай жағдай жасалады", — деп түсіндірді кейін министр журналистерге. 

Бүгінде еліміздің аумағы арқылы тәулігіне 33 ресейлік пойыз, ал Қазақтаннан Ресей арқылы Қазақстанға 4 пойыз қатынайды. 

Бұдан бөлек, хаттама өзге елдің аумағында орналасқан бір елдің теміржол учаскесінде жүк операцияларын жүргізу үшін станцияларды ашу және жабу сұрақтарын регламенттейді. Сонымен бірге шекаралық аймақтардағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдарға конкурс ұйымдастыру, тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау ережелерін әзірлеу бойынша құзырет берілетін болады.


Жаңалықтар
0