Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбіде жаңбыр жауады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман болып, екпінді жел соғады, қиыр солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.


Жаңалықтар
0