АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Мұрат Жұманбай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мұрат Жұманбай бес жылдан астам уақыт ҚР Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) баспасөз-орталығын басқарды.
Екі жылдай ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі бола тұра, палатаның баспасөз қызметіне жетекшілік етті. Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі болған.
Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметін атқарды.