Қоғам

Астанада 1500-ден аса отбасы жаңа пәтерлерге көшірілді

CC0 / / Ключи
Ключи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалған 11 апатты үйдің тұрғындары 2017 жылдың соңына дейін көшірілмек

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Астанада 1500 отбасы 117 апатты үйден жаңа пәтерлерге көшірілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Астанада апатты үйлерді бұзу бойынша жоба іске асырылуда. 

Глава государства ознакомился с деятельностью железнодорожного вокзала на правом берегу столицы и встретился с гостями и жителями города на привокзальной площади - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Астана тұрғындарына пәтер кезегінде қанша уақыт тұрғанын айтып берді

Жоба шарттарына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйлердің тұрғындарын аудандары бойынша бірдей жаңа пәтерлерге көшіруді жүргізуде.

Елордалық тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес, құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі жоғары, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер бұзуға жатады.

2017 жылдың соңына дейін 228 апатты құрылысты бұзу жоспарланған, соның ішінде «Сарыарқа» ауданы бойынша – 129 үй, «Алматы» ауданында – 78, «Есіл» ауданында – 21 үй. Көшірілетін азаматтардың жалпы саны 3500-ден аса отбасыны құрайды.

Бүгінгі күні Астанада 1500 отбасы 117 апатты үйден жаңа пәтерлерге көшірілді. Қалған 11 апатты үйдің тұрғындары  2017 жылдың соғына дейін көшірілмек.


Жаңалықтар
0