АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Әйелдер арасындағы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалында елордалық "Томирис" клубы мен Алматылық "Айсұлу" командасы ойыншылары арасында жаппай төбелес болды.
Кездесу Алматыда өтіп, Қазақстан чемпиондары атағына ие болған "Айсұлу" хоккейшілерінің жеңісімен аяқталды. Алайда матч кезінде ойыншылар арасында жаппай төбелес болып кетті.
Instagram желісіндегі "Томирис" ХК парақшасында төбелестік видеосына пікір жазған. "Дамир Рыспаев шетте темекі шегіп тұрған шығар! Біздің аруларымыз тек хоккейде ғана емес төбелесте де мықты".