Экономика

Бозымбаев АИ-92 бензинінің не себепті арзандағанын түсіндірді

CC0 / / Заправка бензином
Заправка бензином - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ҚазМұнайГаз" АИ-92 маркалы бензин бағасының түскенін жариялаған болатын

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «ҚазМұнайГаз" жанармай құю станцияларында АИ-92 маркілі бензиннің арзандауына қатысты пікір білдірді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нарықта тауардың іркілуі болды. Сұраныс төмендеп, өзара бәсекелесіп жатыр", — деді Бозымбаев бүгін тілшілерге. 
Бұған дейін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясы  "ҚазМұнайГаз" жанармай құю желісі АИ-92 маркалы бензинінің бөлшек сауда бағасын литріне 142 теңгеге дейін төмендеткенін хабарлаған болатын.

"Теңгенiң долларға қатысты бағамы күшеюінің жалғасып отырған үрдісі Ресей Федерациясынан әкелген отын импортының арзандауына ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы АИ-92 қорының деңгейі нарықта көтерме бағаның тұрақтануына мүмкіндік берді", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0