Саясат

Астанадағы сириялық келіссөздер: Қазақстан барлық тараптар қатысады деген үмітте

© Sputnik / Болат ШайхиновВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия бойынша кезекті раунд 3-4 мамырда өтеді деп күтіледі

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздерге барлық тараптар, оның ішінде оппозиция өкілдерің де қатысатынына үміттенеді, деп мәлім етті ҚР СІМ басшысының орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

"Біз Астанадағы келіссөздер жоғары деңгейде өтеді деп үміттенеміз. Өз тарапымыздан біз кезкелген деңгейде қабылдауға дайынбыз, сарапшылық деңгейде әзірленіп қойдық", — деді Тілеуберді сейсенбіде журналистерге. 

ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Лавров: Сирия төңірегінде үлкен геосаяси әбігер басталып жатыр

Оның атап өтуінше, министрлік барлық тараптар: сириялық үкімет, сонымен қатар кепілгер мемлекеттер өкілдері қатысады деп үміттенеді. "Әрине, кез келген бір тарап келмесе, онда толыққанды келіссөздер болмайды", — деді Тілеуберді.

"Барлық тараптар, кепілгер мемлекеттер, үкімет, қаруланған оппозиция туралы да айтып отырмыз", — деп жауап берді Тілеуберді Астанадағы кездесуге келетін қатысушылар туралы сұраққа. Ол, Қазақстанның келіссөздер процесіне араласпайтынын атап өтті.

"Сондықтан, қаруланған оппозицияның келуін кепілгер мемлекеттер қамтамасыз етуі тиіс", — деп түйді Тілеуберді.

Жаңалықтар
0