АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Алматы метросының барлық станциясынан жолаушылар қаіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Метрополитеннің миналанғаны туралы домалақ қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде қауіпсіздік жерге көшіру бойынша бірінші кезекті міндеттер орындалып жатыр", — деді Салтанат Әзірбек.
Сондай-ақ, ІІД өкілі азаматтарға үндеу жасап, сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрады.
Оқиғаға қатысты қосымша ақпарат берілетін болады.