Оқиға

Талдықорғанда бетперде киген тонаушылар саунаға шабуыл жасады

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шабуыл салдарынан сауна әкімшісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Талдықорғанда полиция саудаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қылмыс туралы хабарлама полицияға 24 сәуір күні түнгі сағат он екілерден кейін келіп түсті. Онда саунаға медициналық бетперде киіп таяқпен қаруланып алған үш бейтаныс туралы хабарланған. Сейфтен ақшаны тонаған қылмыскерлер саунада әкімші болып жұмыс істейтін 68 жасар әйелді ұрып соққан. 

"Жедел іздестіру шаралары барысында Талдықорған ІІБ қызметкерлері облыстық ҰҚКБ жедел қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 25-32 жас аралығында үш адамды анықтап, ұстады. Ұсталғандар тергеу изоляторына отырғызылды", — деп хабарлады полицияда. 

ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлімі «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, Талдықорған ІІБ өндірісіне алынды. 


Жаңалықтар
0