АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Сотталушы Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бұрынғы бастығы Құрманбек Артықбаевқа қатысты рақымшылық кесімі қолданылды, деп жауап берді қылмыстық атқару жүйесі комитеті Sputnik Қазақстанның сауалына.
"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы" заңның 4-бабының 2-бөліміне сәйкес, сотталушы Артықовқа рақымшылық қолданылды», — делінген жауапта.
Заңға сәйкес, сотталушыға жазасының өтелмеген бөлігінің төрттен бір бөлігі қысқартылады.