АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Мамлютка аудан орталығының көлінде балық жаппай қырылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төтенше жағдай Мамлют ауданының орталығы, Петропавлдан 40 шақырым жерде болды. Көл жағасына бес тоннаға жуық өлі балық шықты. Оқиғаның мән-жайын көшпелі брифингте Солтүстік Қазақтан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтып берді.
"Мамлютка орталығындағы шағын көл, ол иесіз. Оны бірнеше рет басқаруға беру үшін конкурсқа шығарған, бірақ ешкім алғысы келмейді. Көл таяз, аэрация бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмеген болуы әбден мүмкін. Сондықтан қырылып қалған. Бізге хабарлағандай, бес тоннаға жуық балық өлген", — деді өңір басшысы.
Құмар Ақсақаловтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта балық тексеруге жіберліген.