АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда 850 адам өзіне қол салды, бір жарым мыңнан астамы өзін өлтіруге әрекеттенген. Статистикалық цифрлардың төмендегеніне қарамастан, елдегі суицид деңгей әлі де жоғары болып тұр. Бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин жазды.
"2016 жылы Қазақстанда суицид деңгейі 3942-ге қарсы 3735-ті құрап, 5,5 пайызға дейін өсті, ал өз-өзіне қол жұмсамауға әрекеттену 6047-ден 5922-ге дейін 2,1 пайызға төмендеген. Көбіне өздеріне қол жұмсайтындар нағыз өмір сүретін шақтағылар. Қаза болған 899 кісі — 35-44 жастағылар, олардың 755-і ер адам, 144 – әйел. Ағымдағы жылы бірінші тоқсанның көрсеткіштерін салыстырғанда, 931-ден 850-ге, яғни 8,7 пайызға төмендегені көрсетіліп отыр. Ал әрекеттену 1563-тен 1010-ға дейін 35,4 пайызға төмендеген", — деп атап өтті Мусин.
Әдетте, өзіне қол салудың негізгі себептері белгісіз болып қала береді. 2016 жылға 700-ден астам деректің ғана нақты себептері анықталған.
"Ортадан шеттетілген кездегі жалғыздықтан —175 адам, материалдық жағдайдың қиындығынан 124, туыстарымен сөзге келіп қалудан – 117, ерлі-зайыптының арасындағы жанжалдан – 114, ауыр дертке шалдығудан – 110, ажырасудан – 89, тұрғын үй жағдайларының қолайсыздығынан – 49 адам өзіне қол салған", — деп атап өтті құқықтық статистика комитетінің басшысы.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда суицидтердің басым бөлігі — 75,5 пайызы (2975) сау күйінде саналы түрде, 20,8 пайызы немесе 821 — мас күйінде және 3,3 пайызы (128) психикалық ауруға шалдыққан кезде жасалады.