АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.
"Қайдан біліп қалдыңыздар? Ия, қорғаныс министрлігінің сайтын бұзуға әрекет жасалды. Сайт қазір жұмыс істеп тұр, ешқандай проблема жоқ", — деді Жасұзақов тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, талдау және кибершабуылдарды зерттеу орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлағандай, жексенбі күні кешке mod.gov.kz сайтына хакерлік шабуыл жасалды. Хакерлер сайттың басты бетін басқа бетке ауыстырып, Қорғаныс министрлігінің сайтына "Палестинаға бостандық" деген жазуы бар плакат орналастырған.