Оқиға

Атырауда жігітімен ұрсып қалған қыз 15-ші қабаттан секірмек болды

CC0 / / әйел
әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сүйіктісімен арада болған ұрыс Атырау тұрғынын өзіне қол жұмсауға әрекеттенуге жеткізді

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Жиырма жеті жастағы бойжеткен биіктен құлап өмірімен қош айтыспақ болған, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Петля, сделанная из кабеля для компьютера - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде 170-тен астам бала өз-өзіне қол жұмсаған

Хабарламаға сәйкес, құтқарушыларға кешке қарай көршілері хабарласып, "Алмагүл" шағын ауданында жас қыз 15-ші қабаттап құлауға әрекеттеніп жатыр деп хабарлаған. Оқиға орнына бес құтқарушы мен бес полиция қызметкері келіп жеткен.

Оқиға орнына келіп жеткен кезде олар жігіттің қызды ұстап қалуға және үйге кіргізуге тырысқанын көреді. "Жедел жәрдем" дәрігерлері есірткісі ұстаған қыздың есін жинатқан.

Басылымның хабарлауынша, драманың себебі жастар арасындағы ұрыс болған.

Жаңалықтар
0