Әлем

Қырғызстанда құлап кеткен екі кенші бір тәулік өткен соң аман шықты

© Photo : пресс-служба полпредства в Иссык-Кульской областиЫстық-Көлде кеншілерді құтқару
Ыстық-Көлде кеншілерді құтқару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір тәулік өткен соң құтқарушылар су басқан шахтадан екі кеншінің даусын естіді

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Қырғызстан Ыстық-Көл облысы Ақ-Су ауданы Жырғалан ауылында бір тәуліктен кейін екі шахташы аман табылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Жер асты суларының жарылуынан сенбі, 22 сәуір күні сағат 16.30-да шахтада опырылу орын алды. Ол кезде шахтада екі адам болған. Үйіндінің астында қалған кеншілерді 200 адам іздеген. Бір тәулік өткен соң құтқарушылар олардың дауыстарын есітеді. Кейін белгілі болғандай, кеншілер су баспаған кеңістік тауып алып, сол жерде құтқарушыларды күткен.

Жаңалықтар
0