Қоғам

Маңғыстау әкімі тасқыннан зардап шеккендерге бір күндік жалақыны аударуды ұсынды

© Photo : ortcom.kzЕралы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысының басшысы өз ведомствосында тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына бір күндік жалақыны аударуды ұсынды

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов әріптестеріне тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына бір күндік жалақыны аударуды ұсынды, деп хабарлайды Tumba.kz.

"Бүгінде еліміздің көптеген облыстары су тасқынынан зардап шекті, отандастарымыз қазір қиын жағдайда отыр. Оларға киім-кешек, азық-түлік қажет. Біз ғана оларға көмектесе аламыз. Азаматтарда бір күндік жалақыларын аударуға шақырамын",- деді Ералы Тоғжанов.

Ауа температурасының жоғарылауы мен мұздардың еруіне байланысты Қазақстан тасқын судың астында қалды. Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауыр жағдай қалыптасты. Өңірлерде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Кейбір өңірлерде төтенше жағдай жарияланды.

Жаңалықтар
0