"Ауа райының мұндай болуына Қара теңізден республика аумағына бірінен соң бірі келіп жатқан циклондар ықпал етеді. Сол себепті жауын-шашынға қарамастан ауа температурасы әдеттегі нормадан жоғары болмақ", — деп хабарлады инженер-синоптик Саида Бердібекова Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Астанада 22 сәуірде — көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ығысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +6+8°С, күндіз +13+15°С.
23 сәуірде — көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа өзгереді, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз ұйытқуы 18 м/с. Түнде ауа температурасы +3+5°С, күндіз +16+18°С.
Алматыда 22 сәуір күні ауа райы көшпелі бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы +10+12°С, күндіз +14+16°С.
23 сәуірде — ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы +8+10°С, күндіз +20+22°С.