Саясат

Елбасы 14-15 мамырда Қытайға сапармен барады

© Sputnik / Артур Александров / Медиабанкке өтуПекин
Пекин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қытайда халықаралық форумға қатысады

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 14-15 мамырда Пекинге барады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жұма күні ҚХР сыртқы істер министрі Ван И мырзамен келіссөздер жүргізді.

"Екі жақты келіссөздер тақырыбының бірі жоғары деңгейдегі сапарларға дайындық мәселесі болды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 14-15 мамырдағы Бейжіңде өтетін "Бір белдеу бір жол" халықаралық форумына қатысуы және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 7-9 маусымда ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары дайындығына қатысты мәселелер талқыланды", — деді Әбдірахманов кездесу қорытындылары бойынша баспасөзге өткізілген брифинг барысында.

Қазақстан және Қытай СІМ басшылары саяси және сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде шекара маңындағы су ресурстарын пайдалану, сондай-ақ консулдық мәселелер бойынша өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Жаңалықтар
0